Директордың 11.09.2024ж. №2-П Бұйрығымен бекітілді.
Ким А.В.
Бағдарламалық өнімді қолдану шарты
Қазақстан, Алматы
Жарғы негізінде әрекет ететін директор Ким Антон Владимировичтің атынан, SANAU бағдарламалық өнімінің әзірлеушісі және заңды құқық иеленушісі (бұдан әрі – Құқық иеленуші, SANAU) болып табылатын, бұдан әрі «Құқық иеленуші» деп аталатын «SANAU» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ жеке тұлғалар (бұдан әрі - Пайдаланушы, Компания) үшін жария ұсыныс (оферта) болып табылатын «SANAU» бағдарламалық өнімін қолдануға арналған осы Шартты (бұдан әрі – Пайдалану құқығының шарты, Шарт) жариялайды.
Пайдалану құқығының шарты SANAU-дың басқа да жария құжаттарымен ажырамас байланыста қарастырылуы керек. Сондықтан барлық Пайдаланушылар барлық құжаттармен міндетті түрде танысуы тиіс.
Пайдалану құқығының шарты SANAU резиденттік елінің заңнамасына сай оферта шарты болып табылатындықтан, оны қабылдау үшін Акцептті (төменде мәтінде жазылған ынтымақтастықтың барлық шарттарын қабылдау) орындау керек. Бұл ретте, келесі әрекеттердің біреуін орындау Акцепт болып есептеледі
- нақты Пайдаланушыға есептік жазбаны құруға мүмкіндік беретін ақпаратты SANAU өкілдеріне беру;
- нақты Пайдаланушыға кіруге арналған есептік деректерді беріп, оған есептік жазбаны құру;
- алғашқы төлем жасау (пайдалану мерзімінің ұзақтығына қарамастан).
Сонымен бұл - Пайдалану құқығының шартындағы талаптарды толық қабылдауды білдіретін сөзсіз Акцепт.
ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
Бұл бөлім Пайдалану құқығы шартының, Жалпы сайттағы басқа да жария құжаттар мен бөлімдердің мәтінін айқындау мақсатында әзірленді.
Бастапқы бағдарламалық код – Софтты жасау кезінде қолданылған компьютерлік бағдарламаның мәтіні.
Әкімшінің кабинеті (Админка) – Пайдаланушының есептік жазбасында сақталатын Софттың қорғалған бөлігі. Оның көмегімен Пайдаланушы өзінің жеке деректері туралы ақпаратты қарау, Қызметкерлері мен Клиенттерінің деректерін құру арқылы Софттың жұмысына әкімшілік жүргізе алады, сондай-ақ берілетін кіруге рұқсаттарды басқара алады.
Таскменеджер – Пайдаланушының Қызметкерлеріне тапсырмаларды қоюға және оларды орындау мерзімдеріне жетекшілік етуге мүмкіндік беретін функционал.
Қызметкер (Пайдаланушының қызметкері) – Софттың көмегімен деректермен тікелей алмасуды жүзеге асыратын және Клиенттермен (Пайдаланушының Клиенттерімен) өзара әрекет ететін жеке тұлғалар.
Клиент (Пайдаланушының Клиенті) – Софттың көмегімен Пайдаланушымен өзара әрекеттесу арқылы оның қызметтерін алатын, есептік жазбасы Клиенттің өкілдері туралы ақпаратты Пайдаланушының алуы және есептік жазбаларды тіркеуі арқылы құрылатын жеке тұлға, жеке кәсіпкер, заңды тұлға.
1. ШАРТТЫҢ МӘНІ
1.1. Пайдалану құқығының шартына сай сіз айрықша емес негізде Софтты пайдалану құқығына ие боласыз, яғни басқа тұлғалар да Шартта көрсетілген аумақта немесе одан тыс жерде Софтты қолдана алады. Сіз осы құқықты Шарттың талаптарын қатаң сақтай отырып пайдалануға және сол үшін бізге Шартта анықталған тәртіппен сыйақы төлеуге міндеттенесіз.
Біздің Софт «бар күйінде» қағидасы бойынша ұсынылады, яғни бұл оның ішінде қателер, кемшіліктер, жұмысында уақытша бұзылыстар, т.б. болуы мүмкін екенін білдіреді.
1.2. Сізге пайдалануға берілген айрықша емес құқықтардың көлеміне мыналар кіреді:
- Сіз компанияның Қызметкерлері бір-бірімен және компанияның Клиенттерімен өзара әрекеттесуі үшін Софтты және оның бүкіл кіріктірілген функционалын Софттың сипаттамасында көрсетілген тікелей мақсатына сай, сондай-ақ ақылы немесе ақысыз негізде сізге берілген қосымша функционалын қолдана аласыз. Ақылы және тегін қызметтер жөніндегі толық мәліметтердің барлығы біздің Тарифтерімізде сипатталған.
- Егер Софттың өзіне зақым келтірмесе, Софтты кез келген құрылғыға орната аласыз және оны тиімді қолдану үшін нұсқаулықтар ала аласыз.
- Алайда, сізге Софттың бастапқы кодын көшіруге немесе өзгертуге, оны немесе оның бөліктерін үшінші тараптарға беруге, функционалын өзгертуге, қандай да бір тәсілмен оны түрлендіруге немесе бізден рұқсат алмай оны көпшілікке қолжетімді ақпарат көздерінде атап өтуге рұқсат етілмейді.
1.3. Сіз Софтты өзіңіздің кәсіпкерлік қызметіңізді жүзеге асыратын кез келген юрисдикцияның аумағында қолдана аласыз.
1.4. Егер сіз тіркелген мемлекеттің және/немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын мемлекеттің заңдарына сәйкес Интернет желісін немесе әлеуметтік желілерді және Софтқа ұқсас бағдарламалық жасақтамаларды пайдалануға тыйым салынса немесе осындай бағдарламалық жасақтамаларға кіруге рұқсат беру бойынша жас шектеулерін қоса, басқа да заңнамалық шектеулер болса, сіз Софтты пайдалану арқылы өзіңіз тәуекелге барасыз және өзіңізге жауапкершілік аласыз немесе оны пайдалануды мүлдем тоқтатуға міндеттісіз, себебі біз заңнама бойынша да, Пайдалану құқығының шарты бойынша да мұндай қолдануға жауап бермейміз.
1.5. Егер Пайдалану құқығы шартының немесе онымен өзара байланысты басқа да құжаттардың қандай да бір ережесін құзыретті юрисдикцияның соты жергілікті юрисдикцияның заңнамасына қайшы деп таныса, бұл ереже жарамсыз деп танылады, ал осы Шарттың қалған ережелері өз күшін сақтайды.
2. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАЛПЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
2.1. Құқық иеленушінің құқықтары (біздің құқықтарымыз):
2.1.1. Софттың бұзылыссыз әрі қауіпсіз жұмыс істеуі үшін орынды болған жағдайда Софтты қолданумен байланысты кез келген әрекеттерді жүзеге асыру, рұқсат беру және тыйым салу.
2.1.2. Софтты пайдалану жөніндегі нұсқаулықты сізге және Клиенттеріңізге беру және пайдалануға міндеттеу.
2.1.3. Софттың кез келген компоненттерінің жаңартуларын алдын ала ескертусіз біржақты тәртіппен шығару, себебі кей жағдайда ескертуге мүмкіндік болмайды. Мысалы, қателерді жою үшін жедел жаңартулар қажет болса.
2.1.4. профилактикалық жұмыстарды орындау. Осыған байланысты Софтты қолдану уақытша шектелуі мүмкін, бұл ретте, біз Софттың қалыпты жұмысын тез қалпына келтіру үшін барлық оңтайлы шараларды қабылдауға міндеттенеміз.
2.1.5. сіздің тарапыңыздан Шарттың талаптарын, сондай-ақ Софтты қолдану талаптарын бұзу анықталған жағдайда сіз көрсетілген бұзушылықтарды жойған сәтке дейін, Шарттың күшін уақытша тоқтату және Софтқа кіру рұқсатын шектеу, сондай-ақ Пайдаланушы Шарт бойынша қызметтер үшін төлемеген жағдайда төлем алынған сәтке дейін, Шарттың күшін уақытша тоқтату және Софтқа кіру рұқсатын шектеу.
2.1.6. егер біз өзгерістер күшіне енгенге дейін кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын осындай өзгерістер туралы алдын ала хабарлама жіберсек, қызметтердің құнын және төлем тәртібін біржақты тәртіппен өзгерту. Хабарламалар біздің таңдауымыз бойынша Пайдаланушылардың электрондық мекенжайларына жіберілуі немесе Жалпы сайтта Тарифтерде көрсетілуі мүмкін.
2.1.7. Шарттың және оның қосымшаларының, сондай-ақ өзара іс-қимылымызды реттейтін барлық құжаттардың мазмұнын, соның ішінде, егер Тарифтерге сәйкес сізге ұсынылған болса, тегін ұсынылатын қызметтер көлемін біржақты тәртіппен өзгерту. Бұл ретте, тиісті өзгеріс енгізу үшін сізге электрондық поштаға алдын ала хабарлама жіберу немесе Жалпы сайтта ақпаратты көрсету жеткілікті.
2.1.8. Шарттың күшін уақытша тоқтатуға және Софтқа кіру рұқсатын шектеуге әкеп соққан Шарт талаптарын бұзушылықтар жойылған жағдайда Шарттың күшін және Софтқа кіру рұқсатын қалпына келтіру.
2.2. Құқық иеленушінің міндеттері (біздің міндеттеріміз):
2.2.1. заңнамада тыйым салынбаған тәсілдермен Софт жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз ету.
2.2.2. Софттың жұмысқа жарамдылығын қамтамасыз ету үшін техникалық қолдау көрсету және, егер бізде мүмкіндіктер болса, техникалық ақауларды жою. Егер сіздің техникалық ақауларыңызды өз бетімізше жоюға мүмкіндігіміз болмаса, онда біз осы мәселе бойынша сізге көмектесуге және оларды жою үшін құзыретті үшінші тараптарды жұмылдыруға міндеттенеміз. Қызметкерлер де, Клиенттер де ақаулар туралы мына электронды поштаға хабарлай алады: [email protected].
2.3. Пайдаланушының құқықтары (сіздің құқықтарыңыз):
2.3.1. берілген нұсқаулықтар, демонстрациялар, қандай да бір оқу курстары сіздің сұрақтарыңызды қамтымайтын жағдайларда Софтты тиісінше қолдануға қатысты кеңес беруді сұрау.
2.3.2. бізге Софтты жетілдіру бойынша ұсыныстармен хабарласу.
2.3.3. Софтты сіздің бизнес-процестеріңізге енгізу процесін оңтайландыру және жеделдету ұсыныстарын беру.
2.4. Пайдаланушының міндеттері (сіздердің міндеттеріңіз):
2.4.1. біздің ынтымақтастығымызды реттейтін барлық құжаттарымызбен, сондай-ақ Софтты пайдалану жөніндегі берілген барлық нұсқаулықтармен танысу және оларды, сондай-ақ біз беруіміз мүмкін барлық қосымша нұсқаулармен танысу.
2.4.2. Софтты пайдалану жөніндегі берілген нұсқаулықтарды қолдану, әйтпесе біз Софттың функционалын толыққанды қолдана алмауға және осы себептен туындайтын техникалық ақауларға жауап бермейміз.
2.4.3. SANAU резиденттік елінің ішкі нарығында да, халықаралық нарықта да Софтқа және/немесе біздің компаниямызға, соның ішінде біздің іскерлік беделімізге тікелей немесе жанама залал келтіруі мүмкін кез келген бұзушылықтардың алдын алу.
3. ТӨЛЕУ ПРОЦЕСІ, САЛЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР, БУХГАЛТЕРЛІК ҚҰЖАТТАР
3.1. Төлеу процесі:
Біздің Тарифтеріміз, қызметтердің құны, баға белгілеу тәртібі және төлеу тәсілдері Тарифтер көрсетілген құжаттардың мәтінінде сипатталады. Төлем жасамас бұрын, олармен мұқият танысқаныңыз жөн.
3.2. Салықтық мәселелер:
3.2.1. Біздің Тарифтерімізде біз алуымыз тиіс сома көрсетіледі. Біз сіздің және/немесе біздің юрисдикцияның қандай да бір салықтық міндеттемелерін көрсетпейміз. Бұл мәселені әр тарап өз юрисдикциясының шеңберінде өздері реттеуі тиіс. Егер біз төлеуге тиіс қандай да бір салықтар туындаса, мұндай міндеттемелердің сомалары Тарифтерге қосылған деп есептеледі және сізге қосымша төлемдер жасау бойынша міндеттемелер жүктелмейді.
3.2.2. Егер жағдайға, заңнамаға және бизнес-процестеріңізге байланысты қолдануға болса, сіз Қосарлы салық салуды болдырмау туралы Конвенцияның шарттарын пайдалана аласыз және төлем көзінен кірістерге салынатын КТС-ты өзіңіз азайта аласыз.
3.2.3. Сіздің еліңізде салықты дұрыс салу мақсатында біздің Жалпы сайтымызда нақты елге ұсынуға арналған біздің резиденттік сертификаттарымыз орналастырылған. Егер олардың арасынан өзіңізге ыңғайлысын таппасаңыз, бізге мына поштаға жазыңыз: бізден қажетті құжаттарды алу үшін [email protected].
3.3. Бухгалтерлік құжаттар:
3.3.1. Қазақстан резиденттері үшін біз ай сайын күнтізбелік ай аяқталған күннен бастап 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде қол қоюға атқарылған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісін (АЖА) жібереміз. Егер сіз АЖА мазмұнымен келіспесеңіз, сіз АЖА жіберілген күннен бастап 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде қол қоюдан бас тартудың дәлелін ұсынуға міндеттенесіз.
Сізден белгіленген мерзімде қол қойылған АЖА-ны немесе бас тартудың дәлелін алмаған жағдайда, бұл АЖА-ға сіздің тарапыңыздан қол қойылды деп есептеледі және сіз АЖА-ға қол қойылмаған және бас тартудың дәлелі алынбаған кезең үшін кез келген түрде шағымдар және/немесе ескертулер беру құқығыңызды жоғалтасыз.
3.3.2. Біз резидент емес тұлғаларға сіз берген электрондық поштаның мекенжайына [email protected] поштамыз арқылы инвойс қана жібереміз және оған қол қою міндетті емес.
4. ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚҰҚЫҚ, ДАУЛАР МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК
4.1. Компаниямыздың Шарты мен басқа да құжаттары бойынша кез келген дауларды шешу кезінде қолданылатын құқық - Қазақстан Республикасының құқығы, ал орыс тілі - басқа юрисдикцияға жататынына қарамастан, сот ісін жүргізу және шағымдармен алмасу тілі.
4.2. Тараптар әрқашан дауды бейбіт жолмен реттеуге тырысуы керек, ол үшін олар шағымдар мен жауаптармен алмасады. Алынған шағымға жауап беру мерзімі 10 (он) күнтізбелік күннен аспауы керек. Шағымдармен алмасу біздің электронды мекенжайларымыз арқылы жүзеге асырылады.
4.3. Егер біз ақыр соңында дауды бейбіт жолмен шеше алмасақ, ол Алматы қ. Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жіберілуі тиіс. Орыс тілі сот ісін жүргізу тілі ретінде белгіленеді.
4.4. Біз Шарт қолданылатын бүкіл мерзімде Бұлтты қоймада сақталуына жауаптымыз. Тараптар сақталуды ақпараттың толықтай бүтін сақталуы және Шартта белгіленгендерден басқа қандай да бір ішінара зақымдар мен шығындардың болмауы деп түсінеді.
4.5. Егер сіздің кінәңізден Шарттың күші уақытша тоқтатылса, біз 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде сіздің ақпаратыңызға жауап береміз. Егер осы мерзім аяқталған соң біз Шарт бойынша жұмысты қайта бастамасақ, біз сіздің ақпаратыңызды сақтауға және оны жоюға жауапкершіліктен бас тартуға құқылымыз.
4.6. Келісімшарт бұзылған жағдайда, бұзуға әкелетін себептерге және тоқтатуға бастамашы болған тарапқа қарамастан, біз сіздің Софтты құралды пайдалану құқығыңызды толығымен өшіреміз, сізде тек бұрын Софтта енгізілген барлық нәрселерді көру мүмкіндігі болады.
4.7. Егер сіз Софттың жұмысына зиян келтіріп, ол Софт жұмысының уақытша тоқтатылуына, оның жалпы функционалы мен тұтастығының бұзылуына, сондай-ақ Бастапқы бағдарламалық кодтың зақымдалуына және өзгеруіне әкеп соқса немесе басқа залал келтірсеңіз, сіздің кінәңіз расталған күні біз өзара жасасқан Пайдалану құқығының шартын бұзуға құқылымыз. Бұл ретте, сіздің кіру рұқсатыңыз сол күні бұғатталады, ал төленген қаражат қайтарылмайды. Бұғатталған жағдайда сізде бұрын жүктелген материалды қарау мүмкіндігі ғана болады.
4.8. Біз Софтқа кіру мүмкіндігі уақытша болмаған, бұғатталған және/немесе сіздің, Қызметкерлеріңіздің және/немесе Клиенттеріңіздің есептік жазбаларыңызды үшінші тараптарға берген жағдайдағы Пайдаланушының және/немесе Пайдаланушы клиенттерінің тікелей немесе жанама шығындары үшін жауап бермейміз, себебі Софт сізге «бар күйінде» берілетінімен, сондай-ақ сіздің кінәңізден кіру бұғатталуы мүмкін екенімен келістіңіз.
4.9. Софт SANAU резиденттік елінің заңнамасы бойынша шекті рұқсат етілген дәрежеде тұтынушылық мақсаттарға емес, бизнесті жүргізуге арналған жұмыс құралы болғандықтан, сіз тұтынушылық заңдар өзара қарым-қатынасымызға қолданылмайтындығымен келісіп, мойындайсыз. Алайда, егер сіздің юрисдикцияңыздағы кез келген тұтынушылық заңдар қолданылса және қандай да бір жолмен заңды түрде алып тастау мүмкін болмаса, бұл Шарттағы ешқандай тармақ сізге өз қызметіңізді жүзеге асыратын юрисдикция берген кез келген кепілдіктерді шектемейді, алып тастамайды немесе өзгертпейді, бірақ біздің жауапкершілігіміз (біздің таңдауымыз бойынша) қызметтерді қайта жеткізумен шектеледі.
4.10. Бізге қатысты ешқандай ақшалай санкциялар қолданылмайды. Біздің жауапкершілігіміз түзетумен, кіруге рұқсатты қалпына келтірумен, тұрақты техникалық қолдаумен шектеледі.
4.11. Сізбен, сіздің қызметкерлеріңізбен және клиенттеріңізбен өзара әрекеттесу процесі біздің құжаттаманың шарттарымен және Пайдалану құқығының шартымен шектеледі.
4.12. Бұл ретте, туындаған ақаулыққа, орналасқан еліңізге және байланыс мүмкіндігіндегі шектеулерге байланысты біз сізге ақаулықтарды жоюдың қандай да бір мерзіміне кепілдік бере алмаймыз.
5. ЕҢСЕРІЛМЕЙТІН КҮШ ЖАҒДАЙЛАРЫ
5.1. Егер міндеттемелерді орындамауға еңсерілмейтін күш, атап айтқанда, өрт, су тасқыны, жер сілкінісі, ереуіл, соғыс, мемлекеттік билік органдарының әрекеттері немесе Тараптарға тәуелді емес басқа да мән-жайлар себеп болса, Тараптар Шарттағы міндеттемелерді толық немесе ішінара орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
5.2. Егер осындай жағдайлардың кез келгені Шартта белгіленген мерзімдерде міндеттемелердің орындалмауына тікелей әкеп соқтырса, бұл мерзімдер тиісті мән-жайлардың орын алу мерзіміне сай келетін уақытқа ұзартылады.
5.3. Егер бұл мән-жайлар 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен астам уақытқа созылса, Тараптардың әрқайсысы Шартты орындау мүмкін еместігіне байланысты оны бұзуды бастау туралы мәселені көтеруге құқылы. Тараптар аталған негіз бойынша Шартты бұзу туралы шешім қабылдаса, Тараптардың ешқайсысының ықтимал залалдарды өтеуге құқығы болмайды.
5.4. Шарт бойынша міндеттемелерді орындай алмайтын Тарап дер кезінде, бірақ еңсерілмейтін күш мән-жайлары басталғаннан кейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей, тиісті юрисдикцияның құзыретті органдары берген негіздеуші құжаттарды ұсына отырып, екінші Тарапқа жазбаша хабарлауы тиіс.
5.5. Еңсерілмейтін күш мән-жайларының туындағаны туралы хабарламау немесе уақытылы хабарламау Тарапты Шарттағы міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершіліктен босататын негіз ретінде жоғарыда аталған кез келген мән-жайларға сілтеме жасау құқығынан айырады.
6. БАСҚА ШАРТТАР
6.1. Шарт Акцепт берілген сәттен бастап күшіне енеді және, егер Пайдаланушы Софтты пайдаланудан бас тартпаса немесе біз Шартта белгіленген негіздер бойынша кіруге рұқсатты бұғаттау жолымен Шартты бұзбасақ, 1 (бір) жыл бойы қолданылады.
Егер көрсетілген мерзім өткеннен кейін, сіз Софтты пайдалануды тоқтатпасаңыз, онда Шарт оны бұзғанға дейін автоматты түрде ұзартылған болып саналады.
6.1.1. Егер сіз Пайдалану құқығының шартын бұзғыңыз келсе, бізге бұзу күні мен себептерін көрсете отырып, [email protected] поштасы арқылы хабарлама жіберуіңіз қажет.
6.2. Пайдаланушы жойылған жағдайда Шарт бұзылуы тиіс. Сіз поштаға хабарлама жіберу арқылы бізді бұл туралы ескертуіңіз керек. Әйтпесе, біз білмей бухгалтерлік құжаттаманы сіздің мекенжайыңызға жіберуді жалғастырамыз және бұл жою процесін қиындатуы мүмкін.
6.3. Егер Пайдаланушы қайта ұйымдастыру өткізген болса, ол бұл туралы жазбаша хабарлайды және жүйелерде дұрыс мәліметтерді көрсете алуымыз үшін өзі туралы барлық жаңартылған ақпаратты береді. Осылайша жаңа құқық мирасқоры Акцептті жүзеге асырады. Сізден хабарлама алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде біз Софттағы сіздің деректеріңізді түзетеміз.
6.4. Шарт біржақты тәртіппен бізбен ғана өзгертіледі. Сіздің тарапыңыздан қандай да бір әрекеттерді орындау талап етілмейді. Біз сізді Шарт талаптарының өзгеруі туралы осы өзгерістер күшіне енгенге дейін кем дегенде 30 күнтізбелік (отыз) күн бұрын ескертеміз. Егер өзгерістер сіздің талаптарыңызға сай болмаса, сіз Софтты қолданудан бас тартуыңыз қажет, пайдаланудан бас тартқан жағдайда төлем қайтарылмайды.
6.5. Шарт орыс тілінде дайындалды және жария құжат болып табылады.
«SANAU» ЖШС
БСН 230540009484
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Жандосов 1/1