Директордың 11.09.2024ж. №2-П Бұйрығымен бекітілді.
Ким А.В.
ҚҰПИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
Бұл Құпиялық саясаты (бұдан әрі - Саясат) Жарғы негізінде әрекет ететін директор А.В. Кимнің атынан «SANAU» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – SANAU), БСН 230540009484, осы Саясатта сипатталған тәртіппен SANAU сайты мен қосымшасына (бұдан әрі – Софт) кіретін әртүрлі санаттағы адамдардың құпия ақпараты мен дербес деректерін қалай жинайтынын, қолданатынын, тіркейтінін, сақтайтынын және қорғайтынын сипаттайды:
1. Жалпы ережелер
1.1. Саясат SANAU резиденттік елінің заңнамасына және SANAU-ға қызмет көрсету шарттарына сай әзірленді.
1.2. Софтты қолдану, сондай-ақ SANAU сайтына кіру кезінде пайдаланушылар мен сайтқа кіретін кездейсоқ адамдардың барлық санаттары осы Саясаттың шарттарымен келісетінін білдіреді. Егер сіз осы Саясаттың шарттарымен келіспесеңіз, сіз сайтты қолдануды және оған кіруді дереу тоқтатуыңыз керек.
1.3. SANAU сіз туралы алынатын (жиналатын) ақпараттың және/немесе сіз Софтқа орналастыратын ақпараттың шынайылығын тексермейді және оның дәлдігіне, дұрыстығына және заңдылығына жауап бермейді.
2. Кірушілердің санаттары
Осы құжаттың мәнін толыққанды түсіну үшін сайтқа кірушілер келесі санаттарға бөлінетініне назарыңызды аударамыз:
2.1. Сайтқа кездейсоқ кірушілер - Жалпы сайтқа (https://sanau.kz/) авторизациясыз кіретін адамдар.
2.2. Әлеуетті пайдаланушылар - Софттың демонстрациясын өткізу үшін өздерінің деректерін беретін Софтты пайдалану мүмкіндігін қарастыратын заңды тұлғалар немесе жеке кәсіпкерлер.
2.3. Ағымдағы пайдаланушылар - SANAU-мен бірлесе жұмыс істейтін және Софтты қолданатын заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер және жеке тұлғалар.
2.4. Пайдаланушылардың клиенттері - ағымдағы пайдаланушылармен әрекеттесу үшін клиенттерге арналған Сайт (https://auth.sanau.kz/) немесе Қосымша арқылы авторизациядан өтетін тұлғалар.
Осы Саясаттың ережелері оларға ненің қолданылатынына байланысты кірушілердің барлық санаттарына қатысты.
3. Сookie файлдары
3.1. Сookie файлдары – кез келген сайттарға кіргенде сіздің құрылғыңызда (компьютерде, планшетте, смартфонда) сақталатын шағын мәтіндік файлдар. Олар сайттардың жұмысын жақсарту, сондай-ақ сайттардың иелеріне ақпарат беру үшін кеңінен қолданылады.
3.2. SANAU cookie файлдарын келесі мақсаттар үшін қолданады:
біздің сайтымыз бен қосымшамыздың жұмысын, соның ішінде есептік жазбалардың қауіпсіздігі мен функционалдығын қамтамасыз ету үшін.
сайттың мазмұны мен функционалдығын жақсартуға көмек ретінде біздің сайтымызға кіретін адамдардың санын және олардың мінез-құлқын талдау үшін.
кірушілерге қызықты болуы мүмкін жарнамалық хабарламаларды көрсету, сондай-ақ жарнамалық науқандардың тиімділігін өлшеу үшін.
3.3. Сookie файлдарына қатысты ұсыныстары бар терезе шыққан кезде, оларды өз таңдауыңыз бойынша қабылдауыңызға немесе бас тартуыңызға болады. Алайда, біз бұны істемес бұрын осы Саясатпен танысу батырмасына міндетті түрде басуға ұсыныс береміз.
3.4. Сіз cookie файлдарының баптауларын браузер баптаулары арқылы басқара аласыз. Браузерлердің басым бөлігі келесіге мүмкіндік береді:
- Сookie файлдарын жоюға;
- Сookie файлдарын бұғаттауға;
- Сookie файлдарын сақтамас бұрын хабарламалар алуға.
3.5. Егер сіз cookie файлдарын өшіру туралы шешім қабылдасаңыз, біздің сайтымыз бен қосымшамыздың кейбір функциялары дұрыс жұмыс істемей, сізге белгілі бір бөлімдерге және қызметтерге кіруді шектеуі мүмкін.
4. Сіздің ақпаратыңыз, дербес деректеріңіз және оларды жарияламау
4.1. Егер сіз әлеуетті пайдаланушы немесе ағымдағы пайдаланушы болсаңыз, біз келесі ақпаратты жинайтынымызды білуіңіз қажет:
- Толық аты-жөні (Т.А.Ә.);
- Телефон нөмірі;
- Электронды поштасы;
Кейбір жағдайларда біз өз таңдауымыз бойынша басқа да ақпаратты жинауымыз мүмкін.
4.2. Дербес деректер келесі мақсаттар үшін өңделеді:
- Софт демонстрациясын өткізу;
- Кеңес беру;
- Қызметтер көрсету;
- Қызмет көрсету сапасын жақсарту;
- Маркетингтік және коммерциялық ұсыныстарды жіберу, сондай-ақ ұсыныстармен қоңырау шалу;
- Заңнама талаптарын орындау.
4.3. Сіздің тарапыңыздан дербес деректерді өз еркіңізбен жазу және/немесе оны біздің өкілдерімізге айту дербес деректерді беруге шартсыз, қайтарымсыз акцепт болып саналады. Мұндай келісім сіздің бізге дербес деректеріңізді жинауға, өңдеуге, сақтауға және жоюға құқық бергеніңізді растайды.
4.4. Қызметкерлеріңіздің және/немесе клиенттеріңіздің дербес деректерін жинауға, өңдеуге, сақтауға және жоюға келісімді өзіңіз жинайсыз, себебі сіз осы деректерді алатын және олармен жұмыс істейтін бастапқы тұлға болып табыласыз.
Сонымен қатар сіздің де, қызметкерлеріңіз бен клиенттеріңіздің де дербес деректеріңізді сіз бізге беретініңізбен және тек қана өзіңіздің қалауыңызбен Софтқа жүктелетінімен келісесіз. Сіз қандай да бір дербес деректерді бермесеңіз, біз сізге Софтты пайдалануға мүмкіндік бере алмайтынымызды және қызметтерді тиімді көрсете алмайтынымызды түсініп, келісесіз.
4.5. Біз сіздің ақпаратыңызды (соның ішінде, жеке деректерді) туындаған мәселелерді шешуге көмектесу, сізге кеңес беру, сондай-ақ Софттағы жұмысыңыздың тиімділігін арттыру мақсатында қызметкерлерімізге (мысалы, сату бөліміне), үлестес тұлғаларға (мысалы, еншілес компанияларға), үшінші тараптарға (соның ішінде, бірақ онымен шектелмей, Софтқа енгізілген сервистермен, мысалы, Telegram, What’s App және/немесе оның өкілдеріне, т.б.) беруіміз мүмкін.
SANAU резиденттік еліндегі сіздің ақпаратыңызды қорғау деңгейі сіздің юрисдикцияңызда белгіленген деңгеймен сәйкес келмеуі мүмкін және сіз Софтты қолдана отырып оны беруге және осындай қорғаныс деңгейімен келісесіз.
4.6. Егер сіз ақпаратыңызды (соның ішінде, дербес деректерді) басқа юрисдикцияға беру үшін сіздің келісімізді қажет ететін аумақта болсаңыз, Софтты қолдана отырып, сіз оны беруге немесе сақтауға және/немесе ақпаратты өңдеуге, сондай-ақ оны басқа белгіленген юрисдикцияларда жоюға, соның ішінде SANAU юрисдикция елінде, нақты әрі бірмәнді келісім бересіз.
4.7. Сіз тиісті сұраныс болған жағдайда ғана және бізде бас тартуға тікелей заңнамалық құқық болмаған жағдайда ғана сіздің ақпаратыңызды мемлекеттік органдарға беретінімізді түсініп, келісесіз.
4.8. Сіз біздің ақпаратыңызды кез келген қолданыстағы юрисдикцияның заңнамасына сәйкестігіне, дұрыстығына, жүктелетін файлдардың зияндылығына, т.б. тексермейтінімізді түсініп, келісесіз. Сіз жоғарыда аталған факторлар үшін біздің алдымызда да, SANAU әзірлеушісі және құқық иеленушісі елінің және/немесе өз қызметіңізді жүзеге асыратын юрисдикцияның кез келген үшінші тараптары мен мемлекеттік органдарының алдында да өз бетіңізше жауап бересіз.
4.9. Үшінші тараптардан және/немесе мемлекеттік органдардан бізге келетін сіздің ақпаратыңызға қатысты кез келген шағымдарды сізге жібереміз. Егер бізге осы мәселеге қатысты талап келсе, сіз даудағы тиісті жауап беруші ретінде жауап берушіні өзіңізге ауыстыруыңыз керек.
4.10. Софтымыздың функционалдығын жетілдіру аясында оған жасанды интеллект (ЖИ) орнатылады, бұл оны әр компанияның нақты сұраныстары мен міндеттеріне үйрету арқылы сіздің жұмысыңыздың келесі аспектілерін, бірақ олармен шектелмей, қамтуға мүмкіндік береді:
Жүйені әрі қарай баптауға және оқытуға көмектесетін пайдалы ақпаратты алу үшін пайдаланушылардың қатынас хаттарын талдау.
Неғұрлым өзекті әрі пайдалы ұсыныстар беру үшін компанияның файлдарын талдау негізінде әр компанияның бірегей қажеттіліктері мен ерекшеліктеріне бейімделу.
Талданған деректер негізінде өзінің командасы үшін тапсырмаларды тиімді анықтауға Пайдаланушыларға көмектесу.
Телефондық әңгімелерді түзету және қорытындылау, сондай-ақ олардың негізінде тапсырмалар құру үшін мәтінге айналдыру.
Бұл инновация Софтты пайдалану ыңғайлығын арттыруға және Пайдаланушыларымыздың компанияларында тапсырыстарды басқару, бақылау сапасын жақсартуға бағытталған.
5. Қорытынды ережелер
5.1. Біз бұл Саясатқа сізге алдын ала хабарламай және/немесе келісіміңізді алмай өзгерістер енгізу құқығын өзімізге қалдырамыз. Өзгерістер Жалпы сайтқа жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.
5.2. Бұл құпиялық саясаты біздің сайтымыз бен қосымшамыздың пайдаланушылары мен оларға кіретін адамдардың барлық санаттарының деректерін қорғауға көмектеседі.