Директордың 11.09.2024ж. №2-П Бұйрығымен бекітілді.
Ким А.В.
Сайт пен қосымшаны қолдану жөніндегі келісім
Жарғы негізінде әрекет ететін директор А.В. Кимнің атынан, «SANAU» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – SANAU), БСН 230540009484, бір тараптан және SANAU сайты мен қосымшасының пайдаланушысы және/немесе оған кіруші болып табылатын заңды немесе жеке тұлға, екінші тараптан, бұдан әрі Тараптар деп аталуы мүмкін немесе осы құжаттағы мәтінде анықталатындай, келесі туралы жария оферта түрінде Сайтты және қосымшаны қолдану жөніндегі осы келісімді (бұдан әрі - Шарт) жасасты:
1. Шарттың мәні
Біз сіздерге Софтымызға қоса сайттарымыз бен мобилді қосымшаны қолдануға береміз.
1.1. SANAU - Софттың заңды құқық иеленушісі және оны бірнеше құрамдас бөліктерге, соның ішінде сайтқа және қосымшаға, бөледі. Сайт өз кезегінде бірнеше түрге бөлінген. Қолданар алдында мыналармен танысуларыңызды сұраймыз:
Жалпы сайт (https://sanau.kz/) – SANAU, Софт туралы жалпы ақпаратты қарауға, біздің құжаттарымыз бен тарифтерімізбен танысуға, сондай-ақ демонстрацияға жазылуға арналған сайт;
Софтты пайдаланушылардың қызметкерлерін авторизациялауға арналған сайт (сілтеме жеке тәртіппен беріледі);
Софтты пайдаланушылардың клиенттерін авторизациялауға арналған сайт (https://auth.sanau.kz/) және Софтты пайдаланушылардың клиенттерін авторизациялауға арналған мобилді қосымша (App Store, Google Play-ден жүктеп алуға болады).
Бұл оферта барлық компоненттерге арналған пайдалану шарттарын сипаттайды.
1.2. Төмендегілер осы офертаның акцептісі болып саналады:
- Мобилді қосымшада авторизациядан өту;
- Келесі тәсілдердің кез келгені арқылы сайттарды қолдану: авторизациядан өту, демонстрацияға жазылу үшін өз деректерін толтыру, сайттардағы ақпаратты қарау.
1.3. Бұл құжат әлеуетті және ағымдағы пайдаланушыларға да, олардың қызметкерлері мен клиенттеріне де есептелген.
1.4. Сайттар мен қосымшаға барлық құқықтар, сондай-ақ тауар белгісі SANAU-ға тиесілі және егер SANAU сізге тиісті жазбаша рұқсатты бермесе, оларды біздің құжаттарымызда көзделмеген тәсілдер арқылы қолдануға болмайды.
1.5. Егер сіздің мемлекетіңіздің заңдары бойынша Интернет желісін, әртүрлі веб-сайттарды, қосымшаларды және Софтқа ұқсас бағдарламалық жасақтамаларды қолдануға тыйым салынса немесе осындай бағдарламалық жасақтамаға кіруге қатысты жас шектеулерімен қоса, басқа да заңнамалық шектеулер қойылса, сіз Софтты өзіңіз тәуекел етіп қолдануды жалғастырасыз және біз оған жауап бермейміз.
1.6. Егер осы құжаттың қандай да бір ережесі құзыретті юрисдикцияның сотымен жергілікті юрисдикцияға қарама-қайшы деп танылса, бұл ереже жарамсыз деп танылып, ал осы құжаттың қалған ережелері өз күшін сақтайды.
2. Сайттарды және қосымшаларды пайдалану тәртібі (пайдаланушылардың қызметкерлері мен клиенттерін қоса, пайдаланушылардың барлық санаттары үшін)
2.1. Сайтқа кездейсоқ кірушілер үшін:
2.1.1. Сіз Жалпы сайттағы мәліметтермен таныса аласыз, өзіңізді қызықтыратын кез келген ақпарат пен бөлімдерді қарай аласыз, сондай-ақ егер Софт сізде қызығушылық тудырса, Софт демонстрациясына жазыла аласыз.
2.1.2. Бізбен ынтымақтастықты бастамайынша, сіз сайттарды және олардың бөлімдерін авторизациясыз қолдана алмайсыз. Сіз мобилді қосымшаны жүктей аласыз, бірақ бізбен ынтымақтастықты бастамайынша, оның ішінде авторизациядан өте алмайсыз.
2.1.3. Сіздің сайттарда және қосымшада және/немесе оған қатысты ешқандай заңға қайшы әрекеттерді жүзеге асыруға құқығыңыз жоқ.
2.1.4. Сайттарды және мобилді қосымшаны қарамас бұрын, сіз құпиялық саясатымызбен де танысып, оның шарттарын орындауыңыз тиіс.
2.2. Софтты әлеуетті пайдаланушылар үшін:
2.2.1. Біздің Софтымызды пайдалану мақсатында бізбен ынтымақтасты бастауға қызығушылық танытқан тұлға болсаңыз, біз Жалпы сайттағы барлық құжаттамамен және ақпаратпен танысуыңызды, содан кейін демонстрацияға жазылуды сұраймыз.
2.3. Софттың ағымдағы пайдаланушылары үшін:
2.3.1. Пайдаланушың қызметкері немесе оның клиенті ретінде Софттың ағымдағы пайдаланушысы болсаңыз, сізге авторизациядан өтуге жеке деректер және авторизация процесі мен Софтты қолдану туралы нұсқаулық беріледі. Қолданар алдында сіз барлық ұсынылған ақпаратпен мұқият танысуыңыз керек.
2.3.2. Егер сайттарда және қосымшада қандай да бір нәрсе жұмыс істемесе және/немесе авторизациядан өте алмасаңыз, дереу біздің техникалық қолдау қызметімізбен хабарласқаныңыз жөн (байланыс ақпараты Жалпы сайтта берілген).
2.3.3. Біздің техникалық қолдау қызметіміз туындаған мәселелерді шешуге сізге көмектесу үшін бар күш-жігерін салады. Сіз өз тарапыңыздан туындаған ақаулар туралы уақытылы хабарлауыңыз керек.
2.4. Сіз сайттар мен қосымшаның барлық материалдары мен сервистері немесе олардың кез келген бөлігінде жарнама болуы мүмкін екенімен келісесіз. Жарнаманы орналастыру бізбен іске асырылуы және бізге мүлдем қатысты болмауы. бірақ біздің бақылауымызда болмауы мүмкін. Сонымен қатар сіз осы жарнамаға қатысты біз қандай да бір жауапкершілікке және сіздердің алдарыңызда қандай да бір міндеттемелерге ие болмаймыз.
2.5. Бізге берілген ақпарат және/немесе жеке деректер SANAU құпиялық саясатында суреттелген тәртіпке және шарттарға сай сақталып, өңделеді.
2.6. Жаңартулар:
2.6.1. Біз Софттың немесе оның кез келген компоненттерінің жаңартуларын жеке автоматты түрде сіздің тарапыңыздан қандай да бір келісімсіз шығаруға құқылымыз.
2.6.2. Жаңартулар Софттың немесе оның компоненттерінің функционалдық мүмкіндіктеріне де, дизайнына да қатысты болуы мүмкін. Пайдаланушының клиенттері жаңартуларды орнатуға міндетті, әйтпесе Софт ойдағыдай жұмыс істемеуі немесе мүлдем жұмыс істемеуі мүмкін.
2.6.3. Сонымен бірге нақты Пайдаланушыға арналған жеке сипаттағы жаңартулар да болуы мүмкін. Мұндай жаңартулар сіз таңдаған Тарифке байланысты ақылы және тегін болуы мүмкін. Тарифтердің мәтіні жеке құжатта көрсетілген.
3. Қорытынды ережелер
3.1. Осы құжаттың барлық ережелері SANAU резиденттік заңнамасымен реттеледі.
3.2. Осы құжатқа қатысты туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер арқылы реттелуі тиіс. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда дау Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жіберіледі. Сот ісін жүргізу тілі орыс тілі болып табылады.
3.3. Шарт орыс тілінде дайындалды және жария құжат болып табылады.
3.4. Біз пайдаланушылардың кез келген санаттарына алдын ала хабарлама жібермей осы Келісімге өзгерістер енгізу құқығын өзімізге қалдырамыз. Өзгерістер Жалпы сайтқа жарияланған сәттен бастап күшіне енеді. Сіз Жалпы сайтты өзіңіз тексеріп отыруыңыз және өзгерістермен танысып отыруыңыз қажет.