Директордың 11.09.2024ж. №2-П Бұйрығымен бекітілді.
Ким А.В.
Бағдарламалық өнімнің демонстрациясын өткізу шарты
Қазақстан, Алматы
Жарғы негізінде әрекет ететін Ким Антон Владимировичтің атынан, бұдан әрі «Құқық иеленуші» деп аталатын, «SANAU» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – SANAU) заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ жеке тұлғалар (бұдан әрі – Әлеуетті пайдаланушы) үшін жария ұсыныс болып табылатын «SANAU» бағдарламалық өніміне демонстрация өткізуге арналған осы Шартты (бұдан әрі – Демонстрация өткізу шарты) жариялайды.
ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
Бұл бөлім Демонстрация өткізу шартының, Жалпы сайттағы басқа да жария құжаттар мен бөлімдердің мәтінін айқындау мақсатында әзірленді.
Софт - меншік құқығы негізінде Құқық иеленушіге тиесілі, Бастапқы бағдарламалық кодты қолдану арқылы жасалған, сөздер түрінде берілген командалар жиынтығы болып табылатын және SANAU резиденттік елінің авторлық және сабақтас құқықтар туралы заңнамасымен қорғалатын «SANAU» бағдарламалық жасақтамасы.
Софтты:
- консалтингтік компаниялар, командалар және жеке кеңесшілер байланыс сапасы мен тапсырмаларды орындау тиімділігін арттыру, көбірек Клиенттерге қызмет көрсете алу және тиісінше кірісті арттыру үшін қолданады;
«бизнес-клиент» және «команда-команда» арасындағы өзара іс-қимылды құруға баса назар аудару арқылы қолданады;
- мәтіндік ақпаратпен, аудио және медиа файлдармен алмасу үшін тапсырмалар мен команданың жүктемесін басқаруға арналған Таскменеджер функционалы бар Мессенджер ретінде қолданады.
Софт келесі компоненттерден тұрады:
- маманның жеке жұмыс кеңістігі – Софттың көмегімен тікелей қызмет көрсететін қызметкердің Кабинеті;
- қосымшаға кіруге рұқсат алу үшін веб-нұсқалар;
- екі мобилді қосымша (Android ОЖ-сы мен iOS ОЖ-сы үшін).
1. Жалпы ережелер
1.1. Бұл оферта - бағдарламалық өнімнің демонстрациясын (бұдан әрі – Демонстрация) өткізу шартын жасауға компаниямыздың берген ресми ұсынысы.
1.2. Оферта қабылдағысы келетін Тапсырыс беруші өзіне қолжетімді бірнеше тәсілмен оферта акцептін (бұдан әрі – «Акцепт») орындайды:
- тиісті деректерді көрсету арқылы SANAU Жалпы сайтында өтінім қалдырады;
- тиісті деректерді көрсету арқылы телефонмен сөйлесу кезінде SANAU менеджерлеріне өтінім қалдырады.
1.3. Демонстрацияға өтінімде аты-жөні, телефон нөмірі жазылуы керек және, егер сұрау біздің тараптан жасалса, Әлеуетті пайдаланушының электрондық поштасының мекенжайы да қажет болуы мүмкін. Электрондық поштаны сұрауға телефон нөмірі арқылы байланыса алмау себеп болуы мүмкін.
2. Демонстрацияны өткізу тәртібі
2.1. Демонстрация онлайн форматта жүргізіледі. Ерекше жағдайларда оффлайн демонстрация жүргізуге болады, бірақ сіз белгіленген уақытта біздің кеңсемізге келуіңіз керек.
2.2. Демонстрацияға Пайдаланушының таңдауы бойынша Әлеуетті пайдаланушының ұйымындағы шешім қабылдайтын негізгі тұлғалар (мысалы, директор және бас бухгалтер) қатыса алады.
2.3. Демонстрацияны SANAU қызметкерлері де, SANAU-мен бірлесе жұмыс істейтін интеграторлар да өткізе алады. Олар кез келген жағдайда ресми құжаттарымыздың шарттарын орындайды.
2.4. Демонстрация:
– біздің қызметтерімізді сатып алғанға дейін бір-ақ рет және тегін өткізіледі;
– сіздің қызметкерлеріңізді функционалға оқытпай өткізіледі, себебі оқыту бізбен шарт жасасқаннан және пайдалану құқығын беру жөніндегі қызметтерімізге ақы төлегеннен кейін ғана қарастырылған;
– сіздің өкіліңіз бен біздің мамандарымыз арасында келісілген күндер мен уақытта өткізіледі;
– Софттың клиенттік бөлігін, сараптамалық бөлігін (қызметкерлеріңіздің есептік жазбалары тұрғысынан), сондай-ақ What’s App интеграциясын көрсетіп өткізіледі;
– негізгі және қосымша қызметтері бар Тарифтерге түсініктемелер беру арқылы өткізіледі.
3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
3.1. SANAU мыналарды орындауға міндеттенеді:
3.1.1. Келісілген шарттарға және Демонстрацияға дейін сізге алдын ала айтылатын регламенттерге сай Демонстрацияны өткізу.
3.1.2. Бізбен бекітілген және Жалпы сайтқа орналастырылған Құпиялық саясаты негізінде сіз берген деректердің құпиялығын қамтамасыз ету.
3.2. SANAU төмендегілерге құқылы:
3.2.1. Демонстрацияны өткізудің келісілген уақытын Әлеуетті пайдаланушымен сөйлесіп, басқа уақытқа ауыстыру.
3.3. Әлеуетті пайдаланушы мыналарды орындауға міндетті:
3.3.1. Демонстрацияны ұйымдастыру үшін нақты және өзекті деректерді (атын, электрондық мекенжайды және телефон нөмірін) беру. Егер оны келісілген мерзімде өткізу мүмкін болмаса, Демонстрацияны ауыстыру үшін біздің компаниямыздың өкілдерін ескерту.
Сондай-ақ, Демонстрацияға өзіңіздің деректеріңізді ұсыну арқылы сіз біздің қызметтерімізге одан әрі қосылуыңызға немесе қосылмауыңызға қарамастан, оларды маркетингтік мақсатта пайдалануға келісіміңізді бересіз. Маркетингтік мақсаттарға біздің тарапымыздан хабарламалар жіберу, ынтымақтастық туралы ұсыныстар жасау, жаңа өнімдер мен Софттың мүмкіндіктерімен бөлісу үшін қоңырау шалу жатады, бірақ олармен шектелмейді.
3.3.2. Егер Демонстрацияға қатыса алмау ықтималдығы туындаса, қатыса алмау туралы ескерту және басқа уақыт туралы келісу.
3.4. Әлеуетті пайдаланушы мынаған құқылы:
3.4.1. Демонстрацияға өз таңдауы бойынша кез келген жауапты тұлғаларды қосу.
3.4.2. Демонстрация кезінде нақтылайтын сұрақтар қою және өз тарапынан Софтқа және Демонстрацияны өткізу тәртібіне қатысты кез келген ұсыныстар енгізу.
4. Басқа шарттар
4.1. Бұл оферта Жалпы сайтта жарияланған сәттен бастап күшіне енеді және оны қайтарып алу сәтіне дейін жарамды болады.
4.2. Біз Әлеуетті пайдаланушыларды алдын ала ескертпей осы офертаға өзгерістер енгізу құқығын өзімізде қалдырамыз. Өзгерістер Жалпы сайтта жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.
4.3. Қазақстан Республикасының құқығы - кез келген дауларды шешу кезінде қолданылатын құқық. Тараптар дауды бейбіт жолмен шешуге тырысады, ал ол мүмкін болмаса, дау Алматы қ. Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жіберіледі. Орыс тілі сот ісін жүргізу тілі ретінде белгіленеді.
4.4. Шарт орыс тілінде дайындалды және жария құжат болып табылады.