Директордың 11.09.2024ж. №2-П Бұйрығымен бекітілді.
Ким А.В.
Софтты пайдалану құқығына арналған ТАРИФТЕР
«SANAU» ЖШС (бұдан әрі – SANAU) қызметтеріне қосылмас бұрын, осы Тарифтермен танысуды және келесі тармақтарды ескеруді сұраймыз:
1. Жалпы ережелер
- Төлем валютасы сіздің резиденттік еліңізге байланысты. Толығырақ ақпарат құн көрсетілген кестеде беріледі (Тарифтерге №1 Қосымша).
- Тарифтердің толымдылығы негізгі болып табылады. Сіз қосымша қызметтерді (қосымша қызметтер мәтінде төменде берілген) қосу арқылы Софттың мүмкіндіктерін кеңейте аласыз.
- Тарифтер және қосымша қызметтер туралы кеңес алу үшін Жалпы сайтта көрсетілген байланыс ақпараты бойынша бізге немесе біздің өкілдерімізге жазыңыз.
2. Құн және төлем мәселелері
- Әр тарифтің шеңберіндегі қызметтердің құны SANAU-дың бастапқы жеткізушілеріне жұмсалатын шығындарын ескере отырып құрылады. Мысалы, бұлтты қоймадағы жады жеткізушісіне, біріктірілген жүйелерге, т.б. жұмсалатын шығындарды. Сонымен қатар, егер SANAU-ға байланысты емес осындай шығындарды бастапқы жеткізушілер ұлғайтса, құн ұлғайтылуы мүмкін.
- Софтты қолданатын сіздің Клиенттеріңіз бен олардың өкілдерінің саны Тарифтердің баға белгілеу процесіне әсер етпейді, сәйкесінше, бізбен шектелмейді.
- Қолдану құқығын сатып алудың минималды ықтимал мерзімі - 1 күнтізбелік ай.
- Төлеу тәсілдері және олардың ерекшеліктері:
- Біз ұсынған төлем шоты бойынша. Қаражаттың біздің есептік шотқа түскен күні төлем күні болып есептеледі. Шот бойынша төлем біздің ресми электронды мекенжайымыздан шот ұсынылған күннен бастап 5 (бес) күн ішінде жасалуы тиіс: [email protected].
- Софтқа немесе біздің сайттарымызға байланған банк картасынан қаражатты шығару. Егер сіз есептен шығару әдісін таңдасаңыз, онда сіз ай сайын, қызмет көрсету айының басынан бастап 5 (бесінші) күннен кешіктірмей, сіздің картаңыздан сіз таңдаған Тариф бойынша қаражат алынатынымен автоматты түрде келісесіз. Сонымен қатар, біз деректеріңіздің банк картасының деректеріне сәйкестігін тексермейтінімізді түсініп, келісесіз және оның дұрыс еместігі және/немесе заңсыз пайдаланылуы үшін жауапкершілік толығымен сізге жүктеледі.
- Жоғарыда аталған әдістерден басқа, Софт пен сайттарымыздың функционалының жетілдірілуіне байланысты сіз басқа төлем әдістерін қолдана алуыңыз мүмкін. Мысалы, СМС немесе QR-код арқылы төлеу.
- Сонымен қатар сіздің аймағыңызда барлық төлем әдістері қолжетімді болмауы мүмкін екенін түсініп, келісесіз. Бұл факт бізге емес, ұсынылатын орнатылған төлем жүйесінің шектеулеріне байланысты.
- Біздің Тарифтерімізге сәйкес сіздің Софтымызды пайдалану үшін төлемді бірден 1 (бір) күнтізбелік жылға төлеу және жеңілдік алу мүмкіндігіңіз бар. Алайда, бұл жағдайда сіз Шарттың талаптары және біздің тарапымыздан өз міндеттемелерімізді тиісінше орындап, Шартта белгіленген талаптарға сай сізге Софтты бүкіл төленген кезеңге пайдалану құқығын беру фактісі негізінде Шартты ертерек бұзған жағдайда соманың қайта есептелмейтінін және қайтарылмайтынын түсініп, келісесіз. Софтты пайдаланудың жылдық құнын жеңілдікті бағамен төлей отырып, сіз Шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда соманың сізге қайтарылмайтынымен келісесіз. Шартты мерзімінен бұрын бұзумен байланысты сіз пайдаланбаған соманы ҚР АК 293-бабы негізінде біз осындай соманың 100%-ы мөлшерінде айыппұл түрінде аламыз.
- Төлем мөлшері, жеңілдіктер, аймақтарға нұсқау, тарифтер мен қосымша қызметтерді толтырудың шектеулері мен толығырақ мәліметтері Тарифтердің ажырамас бөлігі болып табылатын кестеде көрсетіледі.
3. Қосымша қызметтер және оларды беру тәртібі
- Қосымша қызметтер Пайдаланушының есептік жазбасына орнатылған маркетплейс, сондай-ақ біздің поштаға еркін түрде жазылған Пайдаланушының өтінімі бойынша ұсынылуы мүмкін.
- Маркетплейс немесе өтінімдер бойынша берілуіне қарамастан, қосымша қызметтер ақылы және ақысыз негізде ұсынылуы мүмкін. Тарифтер мен маркетплейстің тиісті бөлімінде, егер қызмет ақылы болса, бағалар міндетті түрде көрсетіледі.
- Егер маркетплейсте төлем жасау функционалы болмаса, поштаға хабарласуыңызды сұраймыз, біз сізге төлем шотын жібереміз, ол төленгеннен кейін қызметті қосамыз.
- Техникалық себептерге байланысты сізде қосымша қызметтерге (ақылы және ақысыз) қосылу мүмкіндігі уақытша болмауы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Егер мұны байқасаңыз, мәселені шешу үшін бізге поштаға жазуыңызды сұраймыз.
- Біз Пайдаланушыларымызға жеке акциялық ұсыныстар беру құқығын өзімізде қалдырамыз. Сонымен қатар олардың барлық шарттары жеке тәртіппен талқыланады. Жеке ұсыныстарды өткізіп алмас үшін бізден келетін хабарламаларды өшірмеген жөн.
- Тарифтер орыс тілінде дайындалды және жария құжат болып табылады.
Софтты пайдалану құқығына арналған тарифтердің
№1 қосымшасы
Негізгі тариф
Қосымша қызметтер